«Назен апа» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Асықата кенті, К.Ыскаков көшесі № 19 үйде орналасқан. Балабақша мемлекеттік комиссия шешімімен 2012 жылы 01 қазанда айында іске қосылды. Ғимарат 2 бөліктен тұрады. Балабақша екі қабатты ғимараттан құралған. Балабақшаның бірінші ғимаратында 4 топқа арналған шешінетін қабылдау бөлмесі, ойын және ұйқы бөлмесі әр топқа арналған әжетханасы бар. Екінші ғимаратта асхана, музыка мен әкімшілік бөлмелері, медицина бөлмесі және өнер залы мен екі топқа арналған ойын және ұйқы бөлмесі,әжетхана бар.Топтар 130 бала санына арналған. Су ,электр жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі пеш арқылы газбен жылынады.Балабақша темір қорғанмен қоршалған . Балабақша көгалдандырылған: Гүлзарларға гүл егіліп күтім жасалуда. Балабақша ауласында ойын алаңы бар. Әр топқа арналған жазғы бастырмалар бар.Ойын алаңында, карусель әткеншектер,сырғанауға арналған төбешіктер түрлі-түсті баллондар қойылып, құм толтырылған кіші бастырмалармен жабдықталған. Балабақша өртке қарсы құрал- жабдықтармен қамтылып,сақтандыру жабдықтары дайындалған.
Медициналық бөлмесі балалардың антрополиметриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен,дәрі-дәрмектермен жабдықталған.
Жалпы балабақшада 7 педагог жұмыс істейді.
Жоғары білімді педагог: 5
Арнаулы орта білімді педагог: 2
I санатты педагог-0
ІІ Санатты педагог — 2
Санатсыз педагог-5
Жалпы балалар саны-130